Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz — Жуырда Әл-Фараби даңғылының батыс бөлігінде және Саин көшесінің оңтүстік бөлігінде ондаған «Сергек» камералары пайда болуы тиіс, деп хабарлады «Көркем Телеком» ЖШС өкілдері.
Жоспарға сәйкес, «Сергек» фиксаторлары (екі бағытта да камера бойынша) келесі қиылыстарда орналастырылады:
- Әл-Фараби-Рахмадиева.
- Әл-Фараби-Гагарин.
- Әл-Фараби-Розыбакиева.
- Әл-Фараби-Навои.
- Әл-Фараби-Мұстафин.
- Әл-Фараби-Асқаров.
- Саин-Рысқұлбекова.
Компанияда Шығыс айналмалы жолдарына орнатылған камералар қосылған және айыппұлдар жазылғанын атап өтті.
Ал жаңа камералардың тізімі және оларды орнату мекен-жайлары әзірге түпкілікті емес. Барлығы қала әкімдігінің немесе алматылық полицейлердің талабы бойынша өзгеруі мүмкін.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Алматыда тесттік режимде жұмыс істеген «Сергек» камерасы нұсқамалар рәсімдей бастады. Жүйе белгіленген жылдамдықтың асып кетуін, сондай-ақ қызылға өтуді, қоғамдық көлік үшін бөлінген жолаққа шығуды және тоқтау-сызығының қиылысындағы оқиғаларды көрсетеді. Алдағы уақытта да осындай бейнекамераларды Саин, Момышұлы және Рысқұловқа орнату жоспарланып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024