
Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – Мегаполистің жеке секторында шолақ мылтығы бар қарақшылар ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Медеу ауданы полициясының мәліметінше, кешкі тоғыз жарымда үш ер адам өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасаған: күш қолданып, ұялы телефоны мен басқа да мүлкін тартып алған.
Полиция бейнебақылау жүйелерінің арқасында қаскөйлердің көлігі мен жеке басын анықтады. Олар 30, 19, 18 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты.
«Күдіктілердің көлігі Тәттімбет көшесінде бөгелді. Шабуылшыларды ұстау бойынша арнайы іс-шара полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізілді. Көліктің ішін тінту кезінде шолақ мылтық табылды. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Оның шығу тегі, қандай қылмысқа қатысы бар екені осы зерттеу нәтижесінде белгілі болады», – деді Медеу аудандық ПБ бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеудің осы кезеңінде олардың кем дегенде үш тонауға қатысы бар екендігі анықталды.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025