Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ALSER айналымы бір жылда 49,5 млрд теңгені құрады

ALSER айналымы бір жылда 49,5 млрд теңгені құрады

Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz – 2017 жылы Қазақстанда бөлшек сату 2015-2016 жылдардағы күрделі кезеңді артта қалдырып, белсенді түрде дами бастады. «ALSER» цифрлы техника мен гаджеттерді сататын бөлшек сауда желісінің өкілдері нарықтағы ахуал мен өсу перспективалары туралы айтып берді.

Компания 2016 жылы желіні белсенді түрде кеңейтті. Одан кейін дүкендер саны 80-нен 120-ға дейін ұлғайды. 2017 жылы тағы 35 дүкен ашылып, 14-і оңтайландырылды. 2017 жылдың желтоқсан айына дейін ALSER-дің Қазақстанның 89 қаласында, орташа ауданы 200 шаршы метр болатын 155 сауда пункті болды.

«Таңдалған стратегияның арқасында компания 2017 жылды жалпы айналымы шамамен 49,5 млрд теңге көлемімен аяқтады. Бір жыл ішінде ALSER дүкендеріне 5 млн-нан астам адам келді. Олардың миллионы сатып алушылар болды », - деп атап өтті компания.

Сонымен қатар, сатып алудың басым бөлігі несие бойынша жасалады. GFK агенттігінің хабарлауынша, Қазақстандағы электроника нарығының жетекші мониторингі бойынша ALSER IT-сегменттегі және смартфондардағы сатылымдардың 14 пайызына ие. Alser.kz интернет-дүкені жыл бойы 197 пайызға өсіп, 2017 жылдың желтоқсан айының аяғына қарай тауар айналымы бойынша 5,6 млрд теңгеге жетті. 2018 жылы 20 жаңартылған дүкен ашу жоспарланып отыр.

«Біз 2018 жылды өте жақсы бағалаймыз. Нарық өсіп, жағымды динамиканы көрсететін болады. IT және смартфон сегментінде біз 15 пайыздық өсімді болжаймыз. Өзіміздің алдымызға жоғарғы деңгейді қойып, +25 пайызға жетуді жоспарлап отырмыз», - дейді бас директор Сергей Бонде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы