Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – Астана банкіндегі LRT құрылысына тиесілі бұғатталған қаржыны қайтару қажет, - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.
«Президент тарапынан мемлекет қаражатын тиімсіз жоспарланғаны туралы сын айтылды. Аталған мәселе LRT құрылысына қатысты, яғни бұл жобаның қымбатқа түсуі. Сондықтан Астана банкіндегі LRT құрылысына тиесілі бұғатталған қаржыны қайтару қажет. Осы сұрақпен шұғыл түрде айналысуды Асқар Кемеңгерұлына тапсырамын. Бастапқыда LRT –ны салу үшін Қытайдың даму банкімен келісім жасалған, бірақ банк жеме-жемге келгенде жобаны қаржыландырудан бас тартты. Сондықтан да басталған жобаны аяқсыз қалдырмау үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы қарастыру жоспарланып отыр», - деді А. Көлгінов.
Бұған дейін «Астана LRT» компаниясының басшысы Бекмырза Игенбердинов LRT жобасы бойынша Астана Банкінің шоттарында 200 млн долларға жуық қаржы бұғатталғанын мәлімдеген болатын.
Жеңіл рельсті көлік жобасын іске қосу 2020 жылдың екінші жартысына жоспарланған.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024