Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Алтылық" елдері мен Иран ядролық бағдарлама бойынша келісімге келді

"Алтылық" елдері мен Иран ядролық бағдарлама бойынша келісімге келді

"Алтылық" елдері мен Иран ядролық бағдарлама бойынша келісімге келді. Нәтижесінде Тегеранға қатысты санкциялар жұмсартылмақ деп хабарлайды Reuters ирандық дипломатқа сілтеме жасап.

Иран мен "алтылық" елдері ядролық бағдарлама бойынша "тарихи" келісімге келді. Бұған айырбас ретінде Тегеранға қатысты санкциялар жеңілдетілетін болады. "Барлық ауыр жұмыс өзін ақтады, енді біз келісімге келдік", - деді дипломат өзін құпия ұстай отырып. Агенттіктің атауынша, тағы бір ирандық шенеунік келісімді растаған. Келіссөздер жүргізуші  "алтылықтың" құрамына АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей және Қытай елдері кіреді. Еске салайық, ирандық ядролық бағдарлама бойынша келісімге қол қою 2105 жылдың 30 маусымына жоспарланған еді.  Кейінірек соңғы мерзім 7 шілде деп белгіленді. Францияның сыртқы істер министрі Лоран Фабиустың мәлімдегендей, ядролық бағдарламалар бойынша келіссөздер финалдық кезеңнен өтті.

Похожие материалы