Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алтын өндіретін жаңа фабрика іске қосылды

Алтын өндіретін жаңа фабрика іске қосылды

Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz — Астанада өтіп жатқан «Жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпіні» атты ұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысы Ақсу ауылындағы алтын өндіру фабрикасын іске қосты.

«Бұл өте қажет жоба. Қазақстан шикізатқа бай мемлекет. Оның ішінде, алтын кені біздің валютаның негізі болып отыр. Қазақстанның әр жерінде 100-ден артық кен орындары бар. Соның барлығын өзіміздің компаниялар игеретін болса, еліміздің әлеуетін одан әрі көтереміз. 4 тонна алтын шығару деген өндіріс көлемінің үлкен екенін көрсетеді», — деді Қазақстан Президенті.

Осылайша, «Қазақалтын Технолоджи» компаниясы Ақмола облысындағы Ақсу ауылында алтын өндіру фабрикасын іске қосты. Компания қызметкерлерінің айтуынша, алғашқы жылы зауыт 4 тонна алтын және 2 тонна күміс өндіруді жоспарлап отыр.

Похожие материалы