Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Алтыншы маусымға арналған мұнай және металл бағамдарының бағасы анықталды.
Мұнай: Мұнай нарығы өткен аптада АҚШ-та отын қорының азаюы туралы деректерден кейін әлсіреуін жылдамдатты. Хабарланғандай, қорлар 6,77 млн баррельге көтерілді, алайда сарапшылар орташа есеппен 2 млн баррельге дейін төмендеуді болжаған. Бензин қоры 3,21 млн баррельге артты. Бұл ретте Штаттарда қазір белсенді жазғы көлік жүргізу маусымы басталды, әдетте осы уақытта жанармай қоры азаяды, деп жазады investing.com. 23: 40 жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына тамыз фьючерстерінің құны 1,60% -ға, барреліне 61,01 долларға дейін төмендеді. Ал WTI фьючерстерінің бағасы 2,71%-ға, барреліне 52,03 долларға дейін төмендеді.
Металдар: Алтын бағасы алты сауда сессиясы қатарынан өсіп келеді, ФРЖ басшысы Джером Пауэлл АҚШ-тың Орталық Банкі сауда соғысы салдарынан зардап шегетін болса, пайыздық мөлшерлеменің мәнін төмендетуі мүмкін деп меңзеген соң үш ай ішінде ең жоғары көрсеткішке жетті. 23: 38-те алтынға тамыз фьючерсінің бағасы 4,55 долларға немесе 0,34%-ға көтеріліп, бір троялық унциясы 1 333,40 долларға сатылды. Күміс фьючерстің құны 0,09%-ға - унциясы үшін 14,7 долларға дейін өсті.
Криптовалюталар: coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша, 23:35-те bitcoin 7 767,03 долларға саудаланды. Соңғы 24 сағатта бірінші крипто-валюта 1,56% - ға арзандады, ал оның капитализациясы 137,8 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum құны 0,90%-ға арзандап, 244,87 доллар тұрды. Бұл криптовалютаның капитализацияы 26 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы - 247,6 млрд доллар.