Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Альянс Банк атауын ForteBank деп өзгертті

Альянс Банк атауын ForteBank деп өзгертті

"Альянс Банк" АҚ  атауын «ForteBank» АҚ деп өзгертті. Бұл туралы ресми ақпараттар орталығы хабарлайды.   «Альянс Банк өз атауын  «ForteBank»АҚ  деп өзгерткендігін жариялайды. Мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама 2015 жылдың 10 ақпанында берілген",- деп атап өтті банктен.

Осыған дейін Альянс Банк компания атауын 2015 жылдың қаңтарының соңына дейін ForteBank деп өзгертетіндігі туралы хабарланған еді.

Еске салайық, 2014 жылдың қарашасында Альянс Банк басшысы Тимур Исатаев ТемірБанк, Альянс Банк және ForteВank-тің заңды түрде қосылуы 2014 жылдың соңына дейін аяқталады деп мәлімдеген болатын. Қазір 3 банктің бірігуі қарқынды түрде жүріп жатыр. Ұлттық банктің екінші деңгейлі 3 банктің қосылуына өткен жылдың 20 наурызында келісім берді. Шілде айының басында  Альянс Банк пен Темірбанктің барлық банкоматтарына бірдей комиссия орнатқандығы белгілі болды. Енді аталған банктердің банкоматтары арқылы Альянс және Темірбанк карталарынан жалақы алған кезде комиссия алынбайды.

Похожие материалы