AMANAT INSURANCE сақтандыру компаниясы 21 тамыздан бастап атауын өзгертті. Бұл жөнінде компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Енді компания атауы мынадай болады: 1) қазақ тілінде: «Amanat» Сақтандыру компаниясы» Aкционерлік қоғамы; («Amanat» СК» АҚ). 2) орыс тілінде: Акционерное общество «Страховая компания «Amanat»; (АО «СК «Amanat») 3) ағылшын тілінде: «Insurance company «Amanat» joint stock company («IC «Amanat» JSC).Банк реквизиттері, мекен-жайы, байланыс телефондары және өзге де деректемелер өзгеріссіз қалады.
«Компания атауының өзгеруі қайта ұйымдастыруды білдірмейді. Атауы өзгергенге дейінгі өз құқықтары мен міндеттерін әрі қарай да жалғастыра береді», –делінген хабарламада.
Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, өткен жылдың қорытындысында компания жалпы сақтандыру нарығында жинақталған жиынтық сақтандыру сыйақы көлемі бойынша 8-орында тұр. 2015 жылдың 1 тамыз күнгі жағдай бойынша компания активтері 6,253 млрд теңге, жеке қаражаты - 2,183 млдр теңге және жарғылық қаражаты - 1,24 млрд теңгені құрап отыр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024