Ресейлік құнды қағаздар және валюта нарығына америкалық индекстердің төмендеуі әсер етуі мүмкін. Рубль және RTS индексіне өзгеріс енеді деп хабарлайды РБК нарық ойыншыларына сілтеме жасап.
Металлинвестбанк орталығының басшысы Сергей Романчуктың сөзінше, америкалық қор нарығының төмендеуі өзге де нарықтардың құлдырауына және доллардың басқа валюталарға қатысты нығаюына әкеліп соғады. "Инвесторлар акциядан шығып, қаржыларын долларға сала бастайды. Жұма күні доллар бағамы 69 рубльден асты. Дүйсенбі күні биржада доллар курсы өсіп, 70 рубльден асуы мүмкін", - деді ол.
"Дүйсенбі-сейсенбіде доллар бағамы 70 рубльден, еуро 80 рубльден деген деңгейден асады. Кейінірек бағам 75 және 85 рубльден болуы мүмкін. Осыдан кейін курсқа түзету енгізіледі", - деді «Открытие Брокер» сарапшысы Андрей Кочетков. Дегенмен оның сөзінше, еге әлемдік нарықтағы сатылым жалғаса беретін болса өткен жылдың желтоқсанындағыдай доллар бағамы 82 рубльден белгіленуі мүмкін.
Ал GHP Group-тың бас басқарушысы Александр Черноморовтың сөзінше, америкалық нарықтың ресейлік нарыққа әсерін аса күшті деуге келмейді. "Ірі қор нарығындағы оқиғалар басқаларына да әсер етеді. Бірақ соңғы уақытта басқаша трендті байқап жүрміз. Біздің активтеріміздің бағасы Батыстағы жағдайдан бұрын мұнай баррелінің құнына байланысты", - деді ол. Оның айтуынша, егер америкалық нарық дүрбелең тудырып, мұнай бағасы құлдырамаса, ресейлік инвесторлардың реакциясы да бірқалыпты болмақ.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024