Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әмиянның орнына смартфонмен төлеңіз

Әмиянның орнына смартфонмен төлеңіз
Енді Қазкоммерцбанктің төлем карталарын ұстаушылар сатып алған заты үшін төлемді смартфон арқылы жасай алады. Алайда әзірше шектеулі түрде. Технология тек Android жүйесіндегі смартфондар үшін ғана қолжетімді. Ал, төлем картасы Visa payWave қосылусыз әрекет ету технологиясын қолдауы керек. Қосылусыз төлемдер қызметін қолдану үшін қолданушы арнайы қосымшаны жүктеп алып, орнатуы керек. Әзірше ол Homebank.kz-те қолжетімді. Болашақта Google Play-дан көшіріп алуға болады. Орнатқаннан кейін тіркелу қажет. Бұдан кейін қолданушы ұялы телефонын POS-терминалға тигізу арқылы төлемді жүзеге асыра алады. Төлем үшін ұялы телефондағы қосымшаны қосу қажет емес, тек телефонды құлыптан шығару жеткілікті. 5 мың теңгеге дейінгі соманы PIN-код пен қолтаңбасыз төлеуге болады. Қазіргі кезде мұндай төлемді Қазақстандағы 12 мың POS-терминал арқылы жасауға болады. Visa төлем жүйесінің ТМД және Оңтсүтік-Шығыс Еуропа елдеріндегі инновациялық өнімдер жөніндегі директоры Андрей Щербиннің айтуынша болашақта ұялы телефон төлем картасының орнын толықтай айырбастайды. Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаровтың айтуынша бұл жүйе қазақстанда жылдам танымал болуда. 2015 жылы мұндай қызметті пайдаланушылар 22 есеге өскен. Бұл Қазкоммерцбанктің жалпы карталық транзакциясының 1%.    

Похожие материалы