Дизайнер, кәсіпкер Артемий Лебедев телеграмдағы арнасында кәсіпкерлерге мынандай адамдарды жұмысқа алмауға кеңес береді:
1. «Жұмыс істей алмайтын адамдар». Лебедевтің айтуынша «Жақсы адам-мамандық емес» сондықтан қолынан түк келмейтін жақсы адамдарды жұмысқа алмау керек дейді. Нашар маман бірақ жақсы адамнан бизнес көп зардап шегеді. Жақсы маман, жақсы адам немесе нашар адам болса да жақсы маманның бизнеске жақсылығы көп.
2. Әділет үшін күрескіштер. Кәсіпкер «құқық айтқыштар», «петицияға қол қойғыштар», «кәсіподақ қайраткерлері», «әлсіздерді қорғаушылардан» қашу керек. Олардың кім екенін жұмыстан шығарғанда байқайсың.
3. «Фанаттар». Жұмысқа өзіңіздің фанатыңызды алу махаббатпен үйленумен бірдей.
4. «Блатнойлар». Лебедев жұмысқа туыс, дос, таныстарды жұмысқа алмауға кеңес береді. Мұндайлармен үш айдан кейін-ақ қарым-қатынасыңыз нашарлай бастайды. Сондықтан басыңызды ала қашыңыз.
5. Біреу ұсынған адамдар. Лебедевтің пікірінше егер жұмыс іздеуші резюмесін өзі жібере алмаса, оның орнына біреу арқылы жұмысқа тұрғысы келсе, ондай адам ешқашан ештеме істей алмайды. Ондай адамдарға уақыт құртпаңыз.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024