Астана. 20 желтоқсан. 7kun.kz - Осы жылдың қорытындысы бойынша, бюджеттен бөлінген 7,5 млрд. теңге игерілмейді. Бұл туралы үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әкімшілер 129 млрд теңгенің орындалуының мүмкін еместігі туралы мәлімдеді. Игерілмеген соманың 90 пайызынан астамы үкіметтің пайдаланылмайтын резервіне (90 млрд теңге), ал өзге қаржы (32 млрд теңге) игерілмеген деп табылған үнемдеу резервіне тиесілі. Игерілмеу 7,5 млрд теңгені құрайды. Бұл шамамен өткен жылдың деңгейіндегідей (7,8 млрд. теңге)», - деді Сұлтанов. Оның мәліметінше, сыртқы істер министрлігінде 2,8 млрд теңге, ішкі істер министрлігінде 1 млрд теңге, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде 1,2 млрд теңге, білім және ғылым министрлігі 0,6 млрд теңге игерілмей қалады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024