Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz - Android интернет қолданушылар саны бойынша Windows-тан асып түсті. Бұл туралы StatCounter компаниясының сарапшылары мәлімдеді.
Android мобилді операция жүйесі алғаш рет Windows-ты басып озды. Ол ғаламтор арқылы жасатын операциялық жүйелер бойынша көшбасшы болды.
Сарапшылардың мәліметінше, 2017 жылдың наурыз айында Android құрылғыларындағы белсенді желі қолданушыларының үлесі 37,93 пайызды құрады. Ал Windows құрылғысының үлесі 37,91 пайыз болды.
«Бұл технология тарихындағы маңызды оқиға. Microsoft операциялық жүйе нарығында әлемдік көшбасшылықтан кетті. Компания 80-ші жылдардан бері алғашқы орында тұрақы келе жатқан. Ал Android үшін бұл үлкен жетістік. Бес жыл бұрын оның үлесі тек 2,4 пайыз ғана болатын», - деп атап өтті StatCounter басшысы Одан Каллен.
Дегенмен, компьютер сегментінде жалпы операциялық жүйелер арасында Windows үлесі 84 пайызды құрайды.
Еске салсақ, 2016 жылдың қарашасында StatCounter ғаламторға компьютер мен ноутбуктен қарағанда, смартфон мен планшет арқылы кіретіндердің саны басым екенін хабарлаған.