Танымал қазақстандық саясаткер, парламенттің экс-сенаторы Ғани Қасымов 15 жыл қызмет еткен Қазақстан патриоттары партиясы төрағалығынан кетті.
"Бүгін партияның отырысында партия төрағасы қызметінен өз еркіммен кеттім. Бүгінде партияның 180 мың мүшесі бар. Барлық жиналыстарда ашық дауыс беру арқылы бір ауыздан төраға етіп сайланатынмын", - деп жазды 65 жасар саясаткер Instagram-дағы ресми парақшасына. Қасымовты шығарып саларда партия мүшелері көшбасшыларына шапан жауып, бөрік кигізген. "Алға қойылған мақсаттарды орындау үшін партияға серпіліс керек", - деді экс-сенатор. Және де Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы жұмысын қолға алатындығын да жеткізді. Отырыс барысында Патриоттар партиясының жаңа басшысын сайлау мәселесі де қарастырылды. Партия төрағасы етіп Қасымовтың көп жылдық қызметтесі Толымбек Ғабділәшімов сайланды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024