Өңделмеген қант бағасы мамыр айындағы максимумнан бейсенбі күні көтерілді. Бұған себеп - Бразилиядағы ауа-райының жайсыздығы. Этанол өндіруге қажетті шикізат болғандықтан, қантқа деген сұраныс өсіп отыр деп хабарлайды Вloomberg агенттігі.
Нью-Йоркте ICE Futures U.S. биржа саудасында наурыз айында фьючерстер 2,4%-ға қымбаттап, 13,2 цент болды. Лондондағы ICE Futures Europe-та желтоқсан келісімі бойынша шақпақ қантқа деген сұраныс 2,6%-ға артып, 1 тоннасы үшін $379,8 долларға көтерілді. Фьючерстің екеуі де 13 мамыр күні рекордтық деңгейге жетті. Somar Meteorologia метеобюросының болжамы бойынша, Бразилиядағы жауын қазан айының ортасына дейін жалғасып, қант құрағының өсімін азайтады. Бұдан бөлек, Petrobras мұнай-газ корпорациясы Бразилияда қант құрақтарынан жасалған этонол өндіру компанияларға тиімді бола бастағандықтан бензин бағасын 6%-ға көтерді. Czarnikow Group-тың мәліметі бойынша, әлемде қант тапшылығы 2015-2016 жылы 4,1 млн тонннаға жетеді. Сондай-ақ апельсин шырындарының фьючерсі бейсенбі күнгі саудада 0,1%-ға түсіп, 1,545 доллар болды. Кофенің арабика сорты 0,7%, яғни 1,2045 доллар, мақта бағасы 0,2%, яғни 60,34 цент болып, какао-бұршақ фьючерсі 0,3%ға түсіп, 1 тоннасы 3104 долларға жетті.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024