Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қант соңғы алты жылдағы ең төмен бағаны көрсетті

Қант соңғы алты жылдағы ең төмен бағаны көрсетті

Мамыр айында жеткізілетін шикі қант бағасы Нью-Йорктағы ICE Futures U.S. биржасында 2009 жылдың сәуір айынан бері ең төменгі көрсеткішке түсіп кетіп, бір фунтына 12,75 центті құрады деп хабарлайды Bloomberg.

Әлемде қант өндіру бойынша екінші орын алатын Үндістан осы жылы тұтыну көлемінен 3 млн тонна артық қант өндіріп тастады. Бұл болжамды Үндістанның қант өндірушілер ассоциациясы беріп отыр.

Ал бразилиялық реалдың жолларға қатысты бағамының соңғы 10 ішіндегі ең төмен көрсеткішке түсіп кетуі Бразилиядағы қант экспорты көлемін (әлемдік нарықта долармен бағаланатын өзге де шикізат тауарларымен қатар) арттырып жіберді.

"Қант бағасының түсуіне бразилиялық реалдың әлсіреуі, осы елдегі ауа райының жақсаруы және Үндітандағы экспорттық субсидиялардың қайта қалпына келуі себеп болды", - деп хабарлайды Goldman Sachs.

Goldman Sachs банкінің сарапшылары жақын арада қант бағасы көтеріле қояды деп күтпейд.

Похожие материалы