Бүгінгі таңда Қазақстанда каршеринг нарығы қарқынды түрде дамып келеді. Аз ғана уақыт бұрын Алматы тұрғындары автокөлікті жалға алу қызметінің не екенін түсінбейтін, алайда қазір бұл сервисті белсенді пайдалана бастағанын байқауға болады.
Біз осы қызмет және оның қиындықтары туралы ақпараттарды жиі кездестіреміз. Бұл мақала Алматы қаласының көлік инфрақұрылымының шағын статистикалық көрінісін, сондай-ақ каршеринг клиентінің келбетін көрсетеді.
Қазіргі күні Қазақстанда каршеринг сервисінің өкілі - Anytime компаниясы. Іске қосылғаннан бастап, түрлі, оң, теріс пікірлер болды. Бірте-бірте автокөліктерге деген көзқарас жақсарды және бүгінде пайдаланушылар автокөлікті А нүктесінен В нүктесіне жету үшін ғана емес, сонымен қатар, мысалы, ғашықтар күні мен 8 наурызда екінші жартысын құттықтау үшін де пайдаланады.
Немен барамыз?
Алматы қаласында қазір шамамен 1,8 млн.адам тұрады (ресми тіркелген халық). Әлемдегі дамыған елдер секілді мұнда да көлік шаруашылықтың ең ірі негізгі салаларының бірі болып табылады. Алматыда көлік қызметінің түрлі таңдауы бар: троллейбустар, маршруттық автобустар, жалға алынған автокөлік, такси және метро. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қоғамдық көліктер арасында автобустарды пайдалану үлесі жоғары. Жер үсті көлігінен басқа қала тұрғындарына 2011 жылы іске қосылған және 9 бекеті бар метроны пайдалану ұсынылады.
Сондай-ақ, кең таралған қозғалыс түрлерінің бірі - бүкіл әлем жолдарының ажырамас бөлігі болып қала беретін такси қызметі.
Алматыдағы жеке таксилердің үлесі 2017 жылы шамамен 40%-ды құрады. 2016 жылы Қазақстандық нарыққа Uber және «Яндекс.Такси» секілді компаниялар келді. Ал оған дейін такси қызметі нарығының 85-90%-ы лицензиясыз жұмыс істейтін жеке жүргізушілерге тиесілі болды. Бірақ, қазіргі таңда Алматы қаласындағы такси нарығының құрылымы өзгерген. Аналитикалық деректер бойынша, такси нарығының үлкен үлесін Uber және «Яндекс.Такси» (46%) алады. Екінші орында лицензиясыз жұмыс істейтін жеке таксилер - 44%.
Клиенттің келбеті
Ал кейін келген каршерингке қолданушылар саны ше? Жақында мамандар алматылықтар арасында Сауалнама жүргізген. Ол жалпы көзқарасты анықтаумен қатар, оның басты пункті каршеринг қызметін пайдалануға дайын респонденттер санын бағалауға бағытталған. Респонденттерге сұрақ жабық түрде ұсынылды, онда қызметті пайдалана алатын себептерді таңдау немесе қызметті пайдалануға не үшін дайын емес екенін көрсету тапсырылды.
Сауалнама айтарлықтай оң нәтижені көрсеткен. Респонденттердің 51%-ы автокөлікті жалға алуға дайын екенін жеткізді. Бұл пайызды негізінен 21-29 жастағы ерлер құрайды. Ерлер мен әйелдердің жасы ұлғайған сайын көлікке деген сұраныс азайған.
Каршерингті пайдалану мүмкіндігінің негізгі мақсаттары - жұмысқа бару және бос уақыт. Сондай-ақ, сауалнама барысында автокөлікті жалға алуға келіспейтін жағдайда жауап беру ұсынылды. Ең танымал кедергілер: 1 минутқа 50 теңгеден бастап, автокөлікпен Алматы облысының шет аймақтарына шығу бойынша шектеу және дұрыс пайдаланбау барысында автомобильге техникалық зақым келтіргені үшін жауапкершілік жүктеу. Одан әрі каршерингтік компаниямен байланысудың ең қолайлы тәсілдері туралы респонденттердің жауаптары берілген. Танымал девайстар бұл: телефон - 66%, ватсап ұялы чат - 60% және ұялы қосымшадағы чат - 32%.
Сауалнамадан әлеуетті клиенттің келбетін ұсынуға көмектесетін келесі деректер алынды, атап айтқанда:
- Білікті маман, жеке кәсіпкер, техникалық және қызмет көрсетуші маман;
- Жоғары білімі бар;
- Үйленген немесе азаматтық некеде;
- Балалары бар;
- Отбасының 1 мүшесіне табыстың орташа деңгейі 50 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін;
- Жеке автокөлік және такси - қала бойынша жүріп-тұрудың негізгі тәсілі;
- Әлеуетті клиенттерді каршеринг қызметін пайдалануға итермелейтін басты себептер көлік пен автомобильді иеленуге жұмсалатын шығындардың төмендеуімен байланысты;
- Әлеуетті пайдаланушылар үшін ең қолайлы автомобильдер -Volkswagen Polo, Hyundai Accent, KIA Rio;
- Әлеуетті клиенттер жалға алынған каршеринг автомобиліндегі өзінің орташа сапарын жұмыс күні 30 минуттан 3 сағатқа дейін (73%) және демалыс күні 2-ден 5 сағатқа дейін (52%) диапазонда бағалайды.
Әрине, Anytime компаниясы белсенді даму сатысында. Сондай-ақ, аталған нарықтың даму перспективалары Алматының экономикалық жағдайымен тығыз байланысты екенін атап өткен жөн. Сауалнаманың нәтижелеріне қарап, сервисті әлеуетті пайдалану бойынша, қоғамның жаңа нәрселерді байқап көруден қорықпайтындығын және алға жылжуға ниеті бар екенін көрсетеді.
Anytime компаниясының Қазақстандық нарықта бәсекелестері жоқ, ал лицензияланған таксилерді бәсекелес ретінде қарастыруға бола ма? Мүмкін көбісіне Вера Брежневаның керемет дауысын немесе Гарик Харламовтың әзілдерін, жүргізушінің саясат туралы әңгімесін тыңдап барған жағымды болар, бірақ машинаның рөлін өзің ұстап барған көбірек жанға жақын сияқты.