Франкурт биржасындағы сауда ашылғалы Apple акцияларының құны 7,7%-ға, 119,94 еуродан 110,7 еуроға дейін төмендеді. Бұған Нью-Йорк биржасындағы төмендеу себеп болып отыр, сейсенбі күні NASDAQ биржасында Apple акциялары 1%-ға, данасына 132,92 доллардан 130,75 долларға дейін арзандады.
NASDAQ биржасы ресми түрде жабылғаннан кейін де қағаздардың құны төмендей берді. Элекрондық сауда кезінде Apple акцияларының бағасы 119,2 долларға дейін жеткен, бұл биржаның соңғы рет жабылғандағы деңгейден 8,8%-ға төмен. Демек, компанияның жалпы құны шамамен 66,3 млрд долларға арзандап кетті. Сарапшылар котировкалардың кенеттен төмендеуін жақында жария болған Apple есебімен байланыстырып отыр. Бұл есепке сәйкес 2015 қаржы жылының үшінші тоқсанындағы компания жұмысының көрсеткіштері аналитиктер күткен деңгейден төмен болып шықты. Apple мәліметтері бойынша 2015 жылдың 27 маусымында аяқталған тоқсан ішінде компания шамамен 47,5 млн iPhone смартфонын сатқан. Алайда, мамандар 48,8 млн аппарат сатылады деген болжам жасаған болатын. Бұған қоса, Apple компаниясы ақылды AppleWatch сағаттарының сатылымы бойынша нақты деректерді келтірмеді. Олар сағаттарды "Басқа да өнімдер" графасына қосып, бұл өнімдердің сатылымы бойынша корпорация 2,641 млрд доллар пайда тапқанын атап өткен.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024