Apple әлемдегі ең қымбат бренд болып қала береді: Microsoft Amazon-ды басып озды
Әлем. 11 қараша. 7kun.kz – Interbrand Corp ұсынған жыл сайынғы зерттеу деректеріне сәйкес, Apple бренді он жыл қатарынан әлемдегі ең қымбат болып қала береді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Соңғы зерттеуден бері бір жыл ішінде компанияның құны 18%-ға өсіп, 482,2 миллиард доллардан асты.
Ал Microsoft бренді екінші орынға шықты, оның бағасы 32%-ға өсті (278,3 миллиард долларға дейін). Үшінші орында құны 10%-ға қымбаттаған Amazon (274,8 миллиард долларға дейін).
Сондай-ақ төртінші қатарда 28%-ға қымбаттаған Google (251,75 млрд долларға дейін), бесінші орында – Samsung (өсім 17%-ға, $87,7 млрд-қа дейін).
Toyota 10%-ға қымбаттап, (59,8 миллиард долларға дейін) Coca-Cola-мен (өзгеріссіз, 57,5 миллиард доллар) орындарын ауыстырды. Mercedes-Benz 10%-ға өсіп, (56,1 млрд долларға дейін) сегізінші орында, ал Disney 14%-ға өсіп тоғызыншы орынға (50,3 млрд долларға дейін) жайғасты.
Үздік ондықтан McDonald's бренді шығып қалды (құны 6%-ға өсті, 48,65 миллиард долларға дейін). Бұл ретте «ондыққа» алғаш рет Nike кірді (өсім 18% - ға, 50,3 млрд-қа дейін).
Тізімдегі алғашқы он компанияның үлесіне 100 үздік брендтің жалпы құнының 53%-ы тиесілі.
Үздік 100 брендтің жалпы құны 2021 жылғы 2 триллион 667,524 миллиард доллармен салыстырғанда қазір 3 триллион 88,93 миллиард долларға бағаланды, яғни өткен жылдан 16%-ға көп.
Microsoft, Tesla және Chanel брендтері құнның ең елеулі өсімін (32%) көрсетті.
Биылғы рейтинг үш жаңа қатысушымен толықтырылды. Олар Airbnb (54 орын), Red Bull (64 орын) және Xiaomi (84 орын). Сәйкесінше, үздік жүздіктен Uber, Zoom және John Deere ысырылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024