Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz — АҚШ-та Apple корпорациясына қарсы сотқа арыз түсті. Арыз берушілер жаңа Iphone-ға рөлде отырып текстті хабарлама жіберуді шектейтін технологияны енгізуді талап еткен.
Олардың айтуынша, Aplle компаниясының 2008 жылдан бері рөлде отырып текстті хабарлама жіберуді шектейтін технологиясы болған деп хабарлайды cnews.ru. Тіпті, 2014 жылы компания оған патент те алған. Бірақ технология «нарықтың бір бөлігін жоғалтып аламыз» деген қорқынышпен Iphonе-дарға сол күйінде енгізілмейді. Лос-Анджелес жоғары аймақтық сотына бірлесе арыз бергендер Apple осылайша өз пайдасын тұтынушылардың қауіпсіздігінен жоғары қойып отыр дейді.Олар компания технологияның жаңадан шығарылатын ғана емес, ескі модельдеріне де енгізуін талап етеді. Бұған дейін Apple Iphone-ның Калифорниядағы сатылымын толықтай тоқтатуы қажет. Сот процесінің басты белсенділерінің бірі Калифорнияның тұрғыны – Хулио Сеха. Ол біраз уақыт бұрын Iphone-ға алаңдаған әйелдің кесірінен жол апатына ұшыраған. Арыз берушілердің статистикасы бойынша, бір ғана Калифорния штатының өзінде жыл сайын 52 мыңға жуық жол апаты болады, соның салдарынан орташа есеппен 312 адам көз жұмады. Бұдан бөлек, арызда АҚШ Көлік министрлігінің баяндамасынан үзінді келтірілген. Онда елдегі кез келген уақытта 1,5 миллионан көп адам көлікті смартфоннан көңіл аудармай отырып жүргізеді делінген. Сонымен қатар, мұндай жағдай «алкогольді ішімдіктен масайып көлік жүргізгенге қарағанда 6 есе қауіпті» деп көрсетілген.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024