Америкалық Apple корпорациясының басшысы Тим Кук барлық байлығын қайырымдылық іске жұмсамақшы.
Американдық Fortune журналына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Туысқан бауырын оқытуға жұмсайтын қаржыны есептемегенде ол барлық дәулетін қайырымдылық шараларына бермек.
Apple басшысының байлығы СПИД-тің таралуымен күреске, адам құқығын қорғау және АҚШ-тағы иммиграциялық жүйені құрылымдауға жұмсалады. Басылымның бағалауынша, Тим Кукқа тиесілі активтер құны 800 млн доллардан асады.
Осыған дейін 2010 жылы америкалық миллиардерлер - Уоррен Баффет пен Билл Гейтс Giving Pledge деп аталатын филантропиялық кампанияны бастады. Акция қатысушылары жеке дәулетінің жартысын қайырымдылық шараларына құрбан етуі қажет. Қазір шараға әлемнің 150-ге жуық дәулетті адамы қосылып үлгерді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024