Алматы. 14 қаңтар. 7kun.kz – Apple корпорациясы смартфонға сымсыз қосыла алатын киім шығарады. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.
Apple компаниясы "Кіріктірілген электр компоненттері бар мата" (Fabric With Embedded Electrical Components) деген патентті тіркеуге өтініш берді. Әңгіме өткізгіш және оқшаулағыш жіптерден тұратын материал туралы. Өткізуші талшықтар тоқыманың ішкі қабатында болады және заттың барлық бөлігіне электр сигналының таралуын қамтамасыз етеді. Оқшаулағыш талшықтар киімнің сыртқы қабатын құрайды, бұл адам терісінің өткізгіш жіптерге тимеуін қамтамасыз етеді. Apple-дың смарт-киімі түрлі функциялар атқара алатын болады: иесінің денсаулығы туралы ақпарат жинау, оны iPhone экранына шығарып беру немесе киімге орнатылған құлаққап арқылы музыка ойнату.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024