Алматы. 1 шілде. 7kun.kz — Apple Inc. Қытайда жаңа Mac Pro компьютерлерін құрастыра бастады. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлайды.
Қытайда Mac Pro өндірісіне тапсырыстарды Quanta Computer Inc компаниясы алды, деп хабарлады газет дереккөздері.
Quanta Шанхайға жақын орналасқан кәсіпорындарда Mac Pro құрастырумен айналысады. Сондай-ақ, оның басқа азиялық Apple жеткізушілеріне жақындығы компанияның көлік шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
Сарапшылардың пікірінше, құны 6000 долларға жететін Mac Pro ең көп сатылатын Apple өнімдерінің қатарына кірмейді, алайда компанияның өндірісті тасымалдау туралы шешім қабылдау фактісі өте маңызды.
Сонымен қатар, Apple Қытайда өз өнімдерінің негізгі бөлігін өндіреді және АҚШ пен Қытайдың сауда дауының эскалациясы оған елеулі мәселелер тудыруы мүмкін, деп атап өтті сарапшылар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024