Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Apple Ресейде iPhone, MacBook және басқа жабдықтарының сатылымын тоқтатты

Apple Ресейде iPhone, MacBook және басқа жабдықтарының сатылымын тоқтатты

Кез-келген құрылғыға тапсырыс беру кезінде пайдаланушы келесі мазмұндағы хабарламаны алады: "Жеткізу: қазіргі уақытта қол жетімді емес", деп хабаралайды 7kun.kz.

Apple компаниясы Ресейде iPhone, MacBook және басқа техниканы сатуды тоқтату туралы өтініштерге жауап берді. Қазіргі уақытта компанияның жабдықтарын оның ресейлік ресми сайтында сатып алу мүмкін емес.

Кез-келген құрылғыға тапсырыс беру кезінде пайдаланушы келесі мазмұндағы хабарламаны алады: "Жеткізу: қазіргі уақытта қол жетімді емес".

Күні кеше компания тарапынан ұсынылған бағадағы iPhone 13 смартфондары 6-8 аптада жеткізіледі деп уәде етілген болатын.

Айта кетейік, кеше Apple Premium Reseller мәртебесіне ие re:Store онлайн дүкені Ресейдегі iPhone 13 желісінің барлық модельдерінің бағасын айтарлықтай көтерген еді. Бүгінгі таңда бағалар қалыпқа келді. Бірақ барлық модельдер үшін жеткізу мерзімі көрсетілмеген.

Похожие материалы