Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

iPhone Қытайда сатылым бойынша бірінші орыннан түсіп қалды

iPhone Қытайда сатылым бойынша бірінші орыннан түсіп қалды

Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz - Бес жылда бірінші рет iPhone Қытайда ең танымал смартфон деңгейінен түсті. Оның орнын Oppo маркасы басты. Бұл туралы Counterpoint Research сараптама компаниясы хабарлады.

2016 жылы көшбасшы Oppo R9 болды. Oppo маркасынан 17 миллион құрылғы сатылған. Бұл жалпы Қытай нарығының 4 пайызы. iPhone 6s сатылымы 12 миллионды құрады. Ол жалпы нарықтың 2 пайызы. Сарапшылардың мәліметінше, Қытай 2016 жылы смартфон саудасы тарихында ең жоғарғы көрсеткішке жетті.

Сонымен қатар, сарапшылар Oppo, Vivo және Huawei сынды негізгі қытайлық смартфон өндірушілерінің саудасы сәйкесінше 109, 78 және 21 пайызға өскендігін айтады. Ал Apple  мен Xiaomi-дің көрсеткіштері керісінше 21-22 пайызға төмендеді.

Тұтынушылар үшін негізгі параметр жылдам қуаттау құрылғысының болуы, OLED-дисплей, аккумулятордың ұзаққа жетуі және екі камерасының болуы. iPhone 6s-тің мұндай мүмкіндіктері болмады, ал iPhone 7 сатып алушылар үшін өте қымбат болды. Мамандар 2017 жылы iPhone 8 шықса, Apple жұмысы қайтадан жақсарады деп жоспарлап отыр.

Похожие материалы