Apple компаниясы 9 қыркүйекте iPhone-ның жаңа үлгілері iPhone 6S және iPhone 6S Plus-ты таныстырады деп хабарлайды Bloomberg. Агенттік американдық корпорацияның Сан-Францискодағы тұсаукесерге қатысу үшін қонақтарға таратқан шақыру қағаздарына сілтеме жасап отыр. Болжам бойынша, шара кезінде iPhone-ның жаңа үлгілері және басқа да жаңа гаджеттер таныстырылуы мүмкін.
Өткен аптада iPhone 6S және iPhone 6S Plus смартфондарының 18 қыркүйекте сатылымға шығарылатындығы хабарланған еді. Алғашқы сатылымдар АҚШ, Ұлыбритания және Жапонияда басталады. Сондай-ақ қытайлық Daliulian әлеуметтік желісінде iPhone-ның жаңа үлгісі деген суреттер пайда болды. Ал кеше, 26 тамызда әлемдегі ең ірі оператор China Telecom-ның әлеуметтік желілер бойынша департаментінің менеджері жаңа гаджет туралы мәліметімен бөлісті. Оның сөзінше, iPhone 6S алдыңғы гаджеттен айтарлықтай айырмашылығы болмайды және жалпы алғанда корпорацияның саясатына сай келеді. China Telecom менеджерінің айтуынша, жаңа смартфонда Apple A9 процессоры пайдаланылады. Гаджеттің камерасы жақсартылған, жедел жадының көлемі 2 Гб-ты құрайды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024