Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Аптаның қаржы қорытындысы

Аптаның қаржы қорытындысы

Әр апта сайын еліміздің қаржы саласында маңызды жаңалықтар орын алады. 7kun.kz  тілшілері сіздер үшін аптаның ең өзекті қаржы жаңалықтарын сараптап, назарларыңызға ұсынады. 11-15 қаңтар аралығында мынандай маңызды оқиғалар болды.

Дүйсенбі, 11 қаңтарды теңге курсы құлдыраумен бастады. Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша, доллардың орташа курсы 355,52 теңге болды. Ал әлемдік нарықта мұнай бағасы 11,6 пайызға дейін арзандады.  Brent маркалы мұнай Астана уақытымаен 9:00-де 32,89 доллардан сатылды. Осы күні америкалық WTI мұнайы барреліне 32,53 долларға бағаланды. Америкалық Wall Street Journal басылымында ҚР Ұлттық қорының активтері құлдыраудың аз-ақ алдында тұр деген мақала жарияланды. Басылымға сұхбат берген Ұлттық инвестиция корпорациясының басқарма төрағасы Берік Өтемұраттың айтуынша, Ұлттық қордың қазіргі кездегі капиталдандырылған 64 млрд доллары мұнай бағасының құлдырауынан 5-6 жылда төмендеуі мүмкін. Ол қордың тиімсіз пайдаланылып жатқанын айта келіп, Ұлттық инвестиция корпорациясының алдағы жағдайы да белгісіз деген пікір білдірді. Сейсенбі, 12 қаңтарда америкалық валюта курсы 367,61 теңгеге жетті. Теңге курсы таңғы сессиямен салыстырғанда 5 теңгеге арзандады. Айырбастау бөлімдерінде доллар курсы 369 теңгеге жетті. Ұлттық валютамен қатар мұнай бағасы барреліне 31 долларға дейін төмендеді. Bloomberg агенттігі 2016 жылы Қазақстан экономикасы 2%-ға өседі, бірақ 33 пайызға дейін тоқырауға түсуі мүмкін деген болжам жасады. Дегенмен шетелдік сарапшылардың сөзінше, еліміздің ЖІӨ өсіміне оптимизммен қарауға болады. Сәрсенбі, 13 қаңтарда Қазақстан Ұлттық қорының активтері өткен жылмен салыстырғанда 13,3%-ға төмендегені белгілі болды. 2015 жылы қор көлемі 73,24 млрд долларды құраса, 2016 жылы 63,5 млрд долларға тең болған.  Теңге курсы әлсіреуін тоқтатып, қайта жоғарылай бастады. Бағам 3 теңгеге жоғарылап, америкалық валюта 363,80 теңге болды. Әлемдік нарықта ОПЕК елдеріндегі мұнай бағасы барреліне 1,31 долларға арзандап, 25,76 доллар болды. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 2003 жылы тіркелген. Бейсенбі,14 қаңтарда Ержан Біртанов Ұлттық инвестиция қорының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Осыған дейін бұл қызметте Wall Street Journal-ға қор активтері туралы сұхбат берген Берік Өтемұрат отырған еді. Сарапшылардың сөзінше, оның америкалық басылымға қор активтері туралы сұхбат беруі лауазымының соңғы нүктесі болған. Доллар курсы әлсіреуі жалғастырып, 2,4 теңгеге төмендеді. Мұнай бағасы да барреліне 29,88 долларға арзандады. Шикізаттың мұндай бағасы соңғы рет 2004 жылы тіркелген. Ал америкалық WTI мұнайы 30,32 доллар болды. Түркіменстан АҚШ долларына шектеу қойды. Түркімен азаматтары банктерден доллар сатып ала алмайтын болды. Сондай-ақ, базарларда да долларды заңсыз айырбастауға тыйым салынды. Егер ақша заңсыз айырбасталған жағдайда құқық қорғау органдары заң бұзғандарды ның полиция бөлімшесіне алып кетеді. Жұма, 15 қаңтарда америкалық валюта курсы таңғы сессия кезінде доллардың орташа курсы 362,67 теңге болды. Ал күндізгі сессияда 359,30 теңге дейін арзандады.

Үкімет 2016 жылға арналған бюджетті нақтылау жөніндегі жұмысты бастадыҰлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың сөзінше, алдағы екі ай ішінде министрлер кабинеті әлемдік үрдістерді қарап, тек содан кейін макроэкономикалық параметрлер бойынша түпкілікті шешім қабылдайтын болады. 

Похожие материалы