Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Аптаның қаржы қорытындысы

Аптаның қаржы қорытындысы
Әр апта сайын еліміздің қаржы саласында маңызды жаңалықтар орын алады. 7kun.kz  тілшілері сіздер үшін аптаның ең өзекті қаржы жаңалықтарын сараптап, назарларыңызға ұсынады. 16-20 мамыр аралығында мынандай маңызды оқиғалар болды. Апта басы, 16 сәуірде америкалық валюта курсы 327, 74 теңге болды. Ақша айырбастау пункттерінде 1 доллар 327,88 теңгеге сатылды. Жалпы жыл басынан бері ұлттық валюта 3,6%-ға нығайған. ҚР Ұлттық банкі халықаралық валюта резервтері сәуір айында 4%-ға артып, 29,5 млрд долларға дейін көтерілгендігін хабарлады. «2016 жылдың сәуір айында Ұлттық қордағы шетел валютасындағы (65,4 млрд доллар) активтерді қоса есептегенде мемлекеттің халықаралық резервтері 2,5%-ға артып, 95 млрд долларға дейін жетті», – делінген хабарламада. Finprom сараптамалық тобы Қазақстан экономикасының ашықтық деңгейі 2008 жылдан бері 2 есе төмендеген деген мәлімдеме жасады.  “2012-2014 жылдарда экономиканың ашықтық деңгейінде аздаған төмендеу байқалды, жағдай 2015 жылы тіпті нашарлады",-делінген зерттеуде. Сейсенбі, 17 сәуірде Ұлттық Банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 62,2 млрд теңгесі 12 банкке шағын және орта бизнесті несиелендіру үшін берілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, банктерге бөлінген қаражатты игеру және нысаналы пайдалану мониторингін осы салада біршама тәжірибесі бар «Даму» КДҚ» АҚ жүзеге асырады. Ал банк секторының қатысушылары Ұлттық банктың базалық мөлшерлемесі төмендеуі туралы пікрлерін білдірді. Олардың сөзінше, еліміздің қаржы институты мұнай бағасы мен америкалық доллар курсы тәрізді сыртқы факторларды бақылап отыр. Екінші жарты жылдықта негізгі индикаторды тағы төмендетуі мүмкін. 5 мамырда Ұлттық базалық мөлшерлемені 17%-дан 15%-ға дейін төмендеткен еді. Energyprom сараптамалық қызметі Қазақстан 2015 жылы 2014 жылға қарағанда 2 есе аз инвестициялар алған деп хабарлады. 2014 жылы ел экономикасына 8 млрд доллар тартылса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 4 млрд долларды құрады. Құлдырау 2011 жылдан бері байқалып келеді, ол кезде көрсеткіш 14 млрд долларға жеткен еді. Сәрсенбі, 18 сәуірде Қазақстанда бюджет қаржысының 16 млрд теңгесі игерілмегендігі белгілі болды. Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Гүлжан Қарағұсованың мәлімдеуінше, Республикалық бюджеттің 99,8%-ы жүзеге асырылып, 16 млрд теңгесі игерілмеген. 26 бюджеттік бағдарламаның әкімшілері бюджет қаржысының 50%-ын қолданбаған. Наурыз айының соңындағы көрсеткіш бойынша ЕДБ (екінші деңгейлі банктер) активтері  бір ай бұрынғыға қарағанда 1%-ға өскен. Наурызда жағдайдың оң бағытта өзгеруіне доллар курсының бір айда 1,5% төмендеуі әсер еткен. Ең жақсы көрсеткіш Халық және Сбербанкте: +2,8%. Ал Қазкоммерцбанктың Кеңес Рақышев бастаған жаңа басшылығы банктың алдағы жоспарымен таныстырып, исламдық қаржыландыруды енгізетіндігін мәлімдеді. Ал болашақта еншілес исламдық банк құрылуы мүмкін. Ал БТА банкі базасының негізінде стрессті активтер қорын құру жоспарланған. Бейсенбі, 19 сәуірде Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанның мемлекеттік қарызы 9 трлн теңгені құрайтынын мәлімдеді. "Қазақстан “мемлекеттік қарыз” субиндексі бойынша 140 елдің арасында 12 орынға ие болды”, – деді Бақыт Сұлтанов. Ұлттық Банк  Қазақстанның ХВҚ тарапынан қаржылай қарыз алуды жоспарлап отырмағанын хабарлады. Алайда техникалық көмекті алу шеңберінде ынтымақтастықты жалғастырады. Айта кетейік, ХВҚ директоры Кристиан Лагард Астана экономикалық форумының (АЭФ) шеңберінде елімізге келмек. Жұма, 20 сәуірде америкалық валюта курсы 335,25 теңгені құрады. Бұл апта басындағы көрсеткішке қарағанда 8 теңгеге артық. Ақша айырбастау орындарында 20 мамырдағы доллардың максималды курсы — 335,5 теңге

Қазақстанда жеке тұлғаларға берілетін орташа кредит көлемі – 249,5 мың теңге. finprom.kz порталының мәліметінше, Қазақстанның микрокредиттік ұйымдары 2015 жылы несие беру көлемін азайтқан. Дегенмен берілген кредит көлемі артқан. 2014 жылы 415 мыңға жуық несие берілсе, 2015 жылы көрсеткіш 516 мыңға жеткен.

Похожие материалы