Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Аптаның қаржы қорытындысы

Аптаның қаржы қорытындысы

Әр апта сайын еліміздің қаржы саласында маңызды жаңалықтар орын алады. 7kun.kz  тілшілері сіздер үшін аптаның ең өзекті қаржы жаңалықтарын сараптап, назарларыңызға ұсынады. 7-11 наурыз аралығында мынандай маңызды оқиғалар болды.

Апта басы 7-8 наурызда қазақстандық қаржы нарығы демалыс алғанымен, әлемдік нарық жұмысын тоқтатқан жоқ. Халықаралық шикізат биржасындағы мұнай бағасы дүйсенбіде жоғары көтерілді. Лондондық биржадағы Brent маркалы мұнай бағасы 1,89 пайызға көтеріліп, барреліне 39,45 долларды құрады. Нью-Йорк биржасындағы WTI маркасының құны 36,57 доллар болды.

Сәрсенбі, 9 наурызда долларға қатысты теңге бағамы 345,02-ні құрады. Ақша айырбастау орындарында доллардың 9 наурыздағы максималды курсы 344,80 теңге деп белгіленген.

Статистика комитеті 2016 жылдың ақпан айында Қазақстандағы тұрғын-үй қызметі 2,8%-ға көбейді деген мәлімет жариялады. Ыстық су бағасы 6,2%-ға, жылу жүйесі 5,9%-ға, қоқыс шығару 5,3%-ға, электроэнергия 3%-ға артты. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызмет түрі де қымбаттады. Ақпан айында олардың орташа бағасы 2,1%-ға, өткен жылмен салыстырғанда 13,4%-ға жоғарылаған.

Барлығына қарағанда кәріз жүйесі қымбаттаған. Бір жыл ішінде оның бағасы 7,1%-ға көбейді.

Бейсенбі, 10 наурызда америкалық алюта бағамы төмендеп, ұлттық валютаға қатысты 343,60 теңгені құрады. Ақша айырбастау орындарында доллардың 10 наурыздағы максималды курсы 344 теңге деп белгіленген.

Бұл әлемдік мұнай бағасы жоғарылай түсті. Құрылықаралық биржадағы (ІСЕ) сауда кезінде Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 40,83 доллар болды. Мұнай бағасы үш аптадан бері қымбаттауын жалғастыруда.  Ал WTI маркасының құны 4,475%-ға жоғарылап, барреліне 38,21 долларды құрады. Мамандардың сөзінше, бұл құбылысқа АҚШ-тағы бұрғылау құрылғылары санының қысқаруымен (қаңтар айында 60 данаға қысқарып, 654 болды) және 20 наурызда  ОПЕК елдері мен картелге мүше емес мұнай өндіруші елдер арасында болатын кездесу себеп болып отыр.

Қазақстандық 35 банктің 25-і жұмыс істеп жатқан кредиттік портфель көлемін арттырды. Мерзімі өткен қарыздардың үлесі жалпы берілген кредиттің 7,5%-ын құрап, төменгі деңгейі сақталуда деп жазды ranking.kz.  Ал қаңтар айында мерзімі өтпеген яғни жұмыс істеп жатқан кредиттік портфель көлемі 25 банкте артқан. Ең көп өсім екі шетелдік банктің қатысуымен болған. ДБ PNB Қазақстан (бұрынғы Данабанк, 49% акциясы үндістандық Punjab National Bank-ке тиесілі) жұмыс істеп жатқан кредиттік портфель көлемін 3 есе арттырған.

Жұма, 11 наурызда мұнай бағасы қайтадан төмендеді. Brent мұнайының мамыр айына арналған фьючерс құны  0,686%-ға азайып, барреліне  40,79 долларға дейін төмендеді.   WTI маркалы мұнайының бағасы   0,983%-ға, яғни  барреліне 38,67 долларға дейін өсті.

Еуропалық орталық банкі (ЕОБ) базалық пайыз мөлшерлемесін 0,05-дан 0%-ға дейін төмендетті. Кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме — 0,3-тен 0,25%-ға, ал депозит бойынша мөлшерлемені 0,3-тен — 0,4%-ға дейін түсірді. Шешім 16 наурыздан бастап күшіне енбек.

Апта соңында доллар бағамы 343,90 теңгемен аяқтап, екі күн тұрақтылығын  сақталды.

Похожие материалы