Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Аптаның қаржы қорытындысы

Аптаның қаржы қорытындысы
Әр апта сайын еліміздің қаржы саласында маңызды жаңалықтар орын алады. 7kun.kz  тілшілері сіздер үшін аптаның ең өзекті қаржы жаңалықтарын сараптап, назарларыңызға ұсынады. 14-18 наурыз аралығында мынандай маңызды оқиғалар болды. Ұлттық валюта бағамы апта басын 343,56 деген белгімен бастады. 14 наурызда теңгеге қатысты америкалық доллардың бағамы осындай көрсеткішке ие болды. KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 343,20 теңгені құрады. Ал ақша айырбастау орындарында 14 наурыздағы доллардың максималды курсы — 344 теңге Бұл уақытта әлемдік шикізат нарығындағы электронды сауда кезінде WTI маркалы мұнай бағасы 0,09 долларға артып, баррелі 38,41 долларға жетті. ICE лондондық биржада Brent маркалы мұнай құны 0,08 долларға артып, баррелі үшін 40,47 долларға дейін қымбаттады. Валюта және шикізат нарығынан бөлек қор нарығында да өзгерістер орын алды. Қазақстан және Лондон қор биржасында Халық банктің құнды қағаздары 4,2%-ға қымбаттады. Банктің баға белгіленімі LSE-де 5,56%-ға, ал KASE-де 2,6%-ға өсті. Ал KAZ Minerals акциялары Лондон қор биржасында 6,51%-ға артты. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компанияының акциялары арзандап, -3,88%-ға кеміді. Сейсенбі, 15 наурызда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені сақтап қалды. Басты қаржы институты пайыздық мөлшерлемені 17% деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады. ТВедомстводан хабарланғандй, 2016 жылғы ақпандағы қорытынды бойынша инфляция деңгейі жылдық көрсеткіш бойынша 15,2%-ды құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімі 2016 жылғы 5 мамырда жарияланатын болады. Сәрсенбі, 16 наурызда әлемдік валюта нарығы Федералды резервті жүйенің (ФРЖ) пайыздық мөлшерлемесінің өзгеруі туралы шешімді күтті. Сарапшылардың сөзінше бұл жолғы мөлшерлеме өзгеріссіз қалады. ФРЖ мөлшерлеме диапазонын 0,25-0,5% деңгейінде қалдыру мүмкін. Осыған дейін, 2015 жылдың желтоқсанында Ашық нарықтағы операция бойынша комитет мөлшерлемені бір жылда 4 рет көтеруге уәде берген еді, бірақ қаңтар мен ақпан айындағы нарықтағы жағдайдан кейін бұл жоспарға ешкім сене қойған жоқ. Осы жаңалықтар аясында ұлттық валютаға қатысты доллар  бағамы 347,42 теңгеге дейін көтерілді. 16 наурыздағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа ресми бағамы 343,23 теңге болды. Ақша айырбастау орындарында доллардың максималды курсы 350 теңге (Алматы уақыты 15:30-да) деп белгіленген. Мұнай бағасы соңғы екі күннен бері құлдырап, сәрсенбі күні АҚШ нарығындағы отын қоры көлемінің азаюы туралы жаңалықтан кейін қайта жоғарылады. Brent маркалы мұнай бағасы  1,1%-ға артып, барелліне 39,17 долларды құрады. Ал WTI маркалы мұнай фьючерстерінің белгіленімдері 1,5%-ға өсіп, барреліне 36,90 доллар болды. Бейсенбі, 17 наурызда ФРЖ пайыздық мөлшерлемені 0,25-0,50% деңгейінде  қалдырды. Сондай-ақ, ФРЖ 2016 жылға арналған экономика өсімін 2,2%-ға нашарлатты. Бұл көрсеткіш 2015 жылдың желтоқсанында 2,4% болған. Ал инфляция болжамы 1,2%-ға төмендетіліп, жұмыссыздардың деңгейі 4,7% қалпында сақталды. Жұма, 18 наурызда доллардың орташа бағамы 345,74 теңге болды. 18 наурыздағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша 1 доллардың орташа ресми бағамы 345,73 теңге болды.Ақша айырбастау орындарында доллардың 18 наурыздағы максималды курсы 348 теңге (Алматы уақыты 15:30-да) деп белгіленген. Мұнай бағасы қымбаттауын жалғастырды. Бұл ОПЕК-ке мүше және мүше емес ірі мұнай өндіруші елдердің сәуір айында кездесу өткізуге келісім беруіне байланысты болып отыр. Сарапшылардың сөзінше, баға жақын уақытта барреліне 45 долларға дейін көтерілуі мүмкін.

Похожие материалы