Экономика
«Ақ жол» партиясы кезектен тыс президент сайлауына Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды
Астана. 6 қазан. 7kun.kz – «Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақстан президенттігіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Ақ жол» демократиялық партиясы кезектен тыс 19-съезде төрт кандидатты қарастырды. Олардың қатарында Қасым-Жомарт Тоқаев, журналист Сандуғаш Дүйсенова, мәжіліс депутаты Серік Ерубаев және «Ақ жол» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов бар.
Жасырын дауыс беру арқылы «Ақ жол» демократиялық партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
Айта кетейік, Бұған дейін Тоқаевтың кандидатурасын Amanat партиясы мен Қазақстан Халық партиясы ұсынған болатын.
Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024