Ақмола облысы. 2 қыркүйек. 7kun.kz – Степногорскте полиция 170-тен астам адамға заңсыз айыппұл салды
Адамның алкогольдік ішімдіктерді тұтынуын, сондай-ақ қоғамдық орындарда мас күйінде көріну фактісін анықтау медициналық тексеру арқылы жүзеге асырылады.
«Степногорск полициясы осы талаптарға қарамастан, тиісті медициналық куәландырусыз 170-тен астам адамды қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты», – деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.
Ведомствода прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.
Қадағалау органының айтуынша, бұдан былай медициналық куәландырусыз қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішкені үшін адамдарды жауапқа тартудың теріс тәжірибесі жойылды.
«Аталған әкімшілік бап бойынша хаттамаларды учаскелік полиция қызметкерлері жасайды, олар сотта қаралмайды», – деді облыстық прокуратурада.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024