Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақмола облысында сұйық отын өндіретін зауыт бензин де шығармақ

Ақмола облысында сұйық отын өндіретін зауыт бензин де шығармақ

Алматы. 27 тамыз. 7kun.kz – Ақмола облысының Степногорск қаласындағы қысқы дизель отынын өндіретін зауыт алдағы уақытта бензин шығарады, деп хабарлайды 24.kz.

Қазір өндіріс ошағы бұл жобаға инвесторлар іздестіруде. 400 млн теңгеге бағаланып отырған тың жоба бойынша зауытқа қосымша қондырғылар орнатылады. Ол арқылы шикізат терең өңделіп, одан сұйық отынның түр-түрі және бензин де алынады.

Аталған модернизация өндіріс ошағының өнім түрлерін көбейтіп қана қоймай, жобалық қуаттылығына шығуға, яғни жылына 150 мың тонна жанар-жағармай өндіруге мүмкіндік береді. Әрі жаңа қондырғының ерекшелігі, ол бұрынғыдай шикізат таңдамайды. Әзірге бензиннің қанша көлемде шығатыны нақты белгісіз.

Похожие материалы