Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақпан айында теңге курсы долларға қатысты 4,4%-ға нығайды

Ақпан айында теңге курсы долларға қатысты 4,4%-ға нығайды

2016 жылдың ақпан айында теңге курсы АҚШ долларына қатысты 4,4%-ға, наурыз айында 1,6%-ға нығайды. Теңге бағамының нығаюы әлемдік мұнай нарығындағы тұрақтылықпен байланысты. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Ақтөбеде өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"Біз валюта нарығына артық шетел валюталарын сатып алу үшін қатыстық. Ұлттық банктің валюта сатып алу түріндегі нетто-интервенциясы 474 млн долларды құрады. Ақпан айындавалюта нарығына қатысуы минималды болды", - деді банк төрағасы.

Данияр Ақышевтың сөзінше, реттеуші банк еркін айырбас курсы саясатын жүргізуі жалғастырады.

«2016 жылдың қаңтар айына бастап халықтың шетел валютасына деген сұранысының төмендегенін байқаймыз. Мемлекеттегі барлық айырбастау пунктеріндегі АҚШ долларына қатысты нетто саудның көлемі 213,1 млн долларды құрады. Бұл соңғы он жылдағы ең төменгі көрсеткіш", - деді Д. Ақышев.

Похожие материалы