Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақпарат және коммуникация министрлігін Президенттің баспасөз хатшысы басқарады

Ақпарат және коммуникация министрлігін Президенттің баспасөз хатшысы басқарады
Дәурен Абаев ҚР Ақпарат және коммуникация министрі қызметіне тағайындалды. Жаңа министрді ұжымға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов таныстырды. Жаңа министр 1979 жылы Алматы облысында туылған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. 2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді. 2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды. 2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы. 2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты. 2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары. 2009 жылдың қазанынан - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Айта кетейік, ҚР Президенті елімізде жаңа министрлік құруды тапсырған болатын. "Бүгінде бұл функциялар профильді емес министрліктің құзырында. Үкіметте бұл саланы ешкім үйлестірмейді, мемлекеттің ақпараттық саясатқа бөлетін қаражатын ешкім бақыламайды. Сондықтан қазіргі ақпараттық сын-қатерлерді еңсеру үшін, Бес институционалдық реформаның барысын тиімді қолдау үшін өкілетті орган - Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырамын", - деді Қазақстан Президенті.

Похожие материалы