Алматы. 04 желтоқсан. 7kun.kz — Америкалық ритейлерлердің кибер дүйсенбідегі сатылымы өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 20%-ға артып, 9,4 млрд долларға жетті. Бұл көрсеткіш АҚШ-тағы онлайн-сатылымдағы жаңа рекорд болды, деп хабарлайды Adobe Analytics.
Әдетте, кибер дүйсенбі "қара жұмадан" кейін басталады. Бұл күні онлайн-ритейлер айтарлықтай жеңілдіктер ұсынады.
Биыл кибер дүйсенбіде сатып алулардың үштен бір бөлігі смартфондар арқылы жасалды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,5 есе көп. Смартфон сатып алу көлемі рекордтық 3 млрд долларға жетті.
Сонымен қатар, жалпы сатып алулар саны артты, адамдар қымбат тауарларды таңдап алды, деп атап өтті Adobe. "Мұзды өлке 2" мультфильмі, LOL Surprise қуыршақтары, Nintendo Switch ойын консолі, Samsung теледидары және Apple ноутбуктері ең танымал тауарлар қатарына енді.
АҚШ-тың 100 жетекші интернет-ритейлерінің 80-нің транзакцияларын талдаған Adobe қараша-желтоқсан айларында интернет-дүкендердегі шығындар 143 миллиард доллардан асады деп болжады. Алайда, ритейлерлерге өзіне сатып алушы тарту үшін белсенді жұмыс істеуе тура келеді, өйткені биылғы мерекелік маусым - Ризашылық күні мен Рождество арасында. Бұл демалыс күндері өткен жылмен салыстырғанда 6 күнге аз.
Adobe мәліметтері бойынша, "қара жұма" күні америкалықтар онлайн-сатып алуға 7,4 млрд доллар, ал Алғыс айту күні - 4,2 млрд доллар жұмсады.
Айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстанның да сату мерекесі пайда болды. "Kaspi Жұма" мерекесінде биыл сатылым көлемі 5 есеге өсіп, 59 мдлрд теңгеге жеткен. Сатылымға 2 мыңнан астам серіктес дүкен қатысқан.