АҚШ-тың экс-қаржы министрі Ларри Саммерс 100 долларлық банкноттан бас тартып, оны айналымнан шығарып тастауды ұсынды. Аталған банкноттың айналымнан шығуы жемқорлық және түрлі қылмыспен күрес үшін қажет, деп жазады lenta.ru.
Ларри Саммерс The Wahington Post газетіне жазған мақаласында 500 еуро номиналды купюрасынан да бас тару керектігін атап өткен. Ол Бизнес мәселелерін шешу орталығы мен Гарвард университетінің мемлекеттік басқару бөлімінің зерттеуіне сілтеме жасап, осындай ой айтып отыр.
«Егер біз үлкен номиналды банкноттарды шығаруды тоқтатсақ, әлемдегі жағдай реттелер еді", - дейді ол. Ларри Саммерс Еуропа мен АҚШ бірігіп 500 еуро мен 100 доллар купюрасын шығаруды тоқтату туралы келісім жасау керек дегенді айтады.
Айта кетейік, АҚШ-тың 100 доллар банкноты 1862 жылдан бері шығарылып келеді. Купюраның аверсінде АҚШ-тың негізін қалаған Бенджамин Франклиннің суреті бейнеленген. Ал реверсте Индепенденс-холл ғимараты суреттелген.
Жалпы доллар туралы ақпараты мына жерден оқи аласыздар.