АҚШ Украинаның қауіпсіздігін дамытуға тағы 300 миллион доллар бөлуі мүмкін. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джозеф Байден Киевте мәлімдеді, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Оның сөзінше, АҚШ Конгресі арнайы заң жобасын әзірлеп жатыр. «Әзірге әлі толық қабылданбады, бірақ қабылданады деп үміттенемін», - деді Дж. Байден дүйсенбі күні Украина премьер-министрі Арсений Яценюкпен бірге өткізген баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, ол Украина билігі экономикалық ілгері басуды қамтамасыз ету үшін халықаралық валюта қоры ұсынған кеңестермен жұмыс істеп, ынтымақтастықты нығайтуы керек, тарихи мүмкіндіктерді пайдаланып қалуы тиіс екенін атап өтті. Фото: atn.uaПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024