АҚШ. 11 мамыр. 7kun.kz – Украинада әскери операция басталғаннан бастап АҚШ Киевке гаубицалар, зениттік жүйелер, танкке қарсы зымырандар мен Ghost ұшқышсыз ұшақтары бар 3,5 миллиард доллардан астам қару-жарақ жіберді, деп хабарлайды 7kun.kz.
РБК хабарлауынша, АҚШ конгресінің Өкілдер палатасы Украинаға 40 миллиард доллар көлемінде қосымша көмек көрсету туралы заң жобасын мақұлдады.
Ары қарай бұл бастаманы Сенат мақұлдап, президентке жолдайды. Оны 368 конгрессмен қолдап, 57-і қарсы болды.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Конгресстен Киевке 33 миллиард доллар көлемінде қосымша көмек бөлуді мақұлдауды сұрап, кейіннен оның көлемі ұлғайтылды.
Аталған көмекке қару-жарақ жеткізу, оқыту, гуманитарлық қажеттіліктерге жұмсалатын қаражат кіреді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024