ҚР Ұлттық Банкінің деректерінше, 2016 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтар ақшаны жария ету науқаны шеңберінде 650,7 млрд теңге сомасына 976 шот ашқан. Бұл өткен аймен салыстырғанда 45%-ға көп. Бұл туралы ҰБ баспасөз қызметі хабарлады.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьевтің айтуынша, қазақстандықтардың жария ету науқаны шеңберіндегі белсенділігі ақшаны жария ету рәсімдерінің жеңілдетілуімен, жария етудің бұрын-соңды болмаған икемді талаптарымен, сондай-ақ халықтың осы науқан туралы кеңінен хабардар болуымен байланысты.
«Қазақстандықтарға жинақтау шотының орнына қарапайым ағымдағы шоттың көмегімен жария ету мүмкіндігі берілді. Сонымен бірге олар үшін жария етілетін ақшаға еркін иелік ету мүмкіндігі көзделген, себебі ақшаны банкте сақтау, инвестициялаудың ықтимал бағыттары бойынша және алымдарды төлеу бойынша тиісті талаптар алып тасталды», - деп түсіндірді А.Терентьев. Оның айтуынша, азаматтар осы науқан шеңберінде шет елде орналастырылған немесе қолындағы ақшасын қазақстандық банктерде орналастыру қажеттілігінсіз-ақ жария ете алады.
«Сонымен қатар, жария ету субъектілері үшін салықтық рақымшылық енгізілді, – деп қосты қаржылық реттеушінің өкілі. – Бұл науқанға қатысушы қазақстандықтардың декларацияда немесе өтініште көрсетілген жария етілген ақша сомасынан, мүлік құнынан, сондай-ақ жария етуге дейін мүлікті пайдаланудан алынған кірістің мөлшерінен 10%-дық жеке табыс салығын төлеуден босатылғанын білдіреді».
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024