Ақтау. 11 маусым. 7kun.kz – Қала басшысы 153 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Ол сот шешімін заң бойынша белгіленген мерзімде орындамады, деп хабарлайды 7kun.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтау әкіміне қала тұрғынына жер телімін жалға беру мерзімін ұзартпағаны үшін 159 мың теңге айыппұл салынды. Егер әкім бұл соманы бес күн ішінде төлемесе, ол тағы 10 АЕК-ке (31 800 теңге) өседі.
Ақтаулық кәсіпкер жерді жалға беру мерзімін ұзартудан заңсыз бас тартқан қала әкімі мен жер қатынастары бөлімін сотқа берді. Сот кәсіпкердің шағымын қабылдап, әкімдікке учаскені жалға беру мерзімін ұзартуды міндеттеді. Бірақ әкім сот шешімін заңда белгіленген мерзімде орындамаған. Сот мұны заң бұзушылық деп танып, Ақтау қаласының әкіміне айыппұл салды.