Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақтауда әуе шеруі өтеді

Ақтауда әуе шеруі өтеді

Ақтау. 2 тамыз. 7kun.kz – 5 тамызда Ақтауда екі мәрте Кеңес Одағының батыры, ұшқыш Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толуына арналған әуе шеруі өтеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Шара 20:00-де басталады деп жоспарланған. Шеруге ҚР Әуе қорғанысы күштерінің әскери авиациясының тікұшақтары мен жойғыштары қатысады.

Әскери ұшқыштар аэробатика техникасын орындау арқылы өз шеберліктерін көрсетеді.

Әскери әуе шеруін қала тұрғындары мен қонақтары 15-шағын аудандағы теңіз жағасындағы амфитеатрдан тамашалай алады.

Похожие материалы