Астана. 24 қараша. 7kun.kz – Ақтөбе әкімі лауазымын ақшаға сатқан алаяқтарға қатысты сот үкім шығарды. Бұл туралы Астана қаласы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот мәліметінше, алаяқтар өздерін жоғары лауазымды тұлға ретінде таныстырып, бір жәбірленушіден 500 мың доллар және екіншісіне 1,5 млн доллар сұрап, Ақтөбе қаласының әкімі қызметіне тағайындауға уәде берген.
«Бірінші жағдайда сотталғандар жәбірленушінің ақшасын 260 000 АҚШ долларын иемденді, ал екінші жағдайда жәбірленуші оны алдағысы келетінін түсініп, құқық қорғау органдарына жүгінді және 28 млн. теңге мөлшерінде ақша муляжын беру кезінде сотталушылар ұсталды», – делінген хабарламада.
Сотта екі сотталушы кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады, ал өзге екі сотталушы кінәсін жартылай мойындады, тек бір сотталушы кінәсін толық мойындады және оған бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты қылмыстық топтың бес мүшесіне әртүрлі жаза тағайындады. Олар бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал кінәсін мойындап, тергеуге жәрдемдескен сотталушы бес жылға сотталды, ол жазасын шартты түрде өтейді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.