
Ақтөбе облысы. 29 тамыз. 7kun.kz – Ақтөбеде «Лада Гранта» автокөлігі өртеніп, жүргізуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды 7kun.kz «Диапазон-ға» сілтеме жасап.
Оқиға «Авиатор» бағбандық нысан жанындағы жанармай құю станцияларының бірінің аумағында болды.
Көлік газ-ауа қоспасының жарылуынан өртенгені анықталды. Оқиға орнына 6 құтқарушы жіберілді.
1962 жылы туған жүргізушінің денесінің 70%-ын күйік шалып, ол ауруханаға жеткізілді.
Өрт сағат 09:19-да сөндірілді.