Ақтөбелік азамат бұрынғы әйелінен өзін боқтағаны үшін 2 миллион теңге талап етті
Ақтөбе. 14 маусым. 7kun.kz – Ақтөбе облысының тұрғыны бұрынғы әйелі өзіне балағат сөздер айтқаны үшін одан 2 миллион теңге талап етті. Сот әйелді балағаттағаны үшін кінәлі деп танып, айыппұл салып, бұрынғы күйеуіне моральдық зардап жасағаны үшін 32 мың теңге төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды 7kun.kz diapazon.kz-ке сілтеме жасап.
Жақында Хромтау қаласының қылмыстық сотында ерекше іс қаралды. Жергілікті тұрғын бұрынғы әйелін «Қорлау» бабы бойынша жауапқа тартуды талап етті.
Айыптаушының сөзінше, бұрынғы әйелі оған мессенджерде ар-намысы мен абыройын қорлайтын балағат сөздер жазылған хабарламалар жіберген.
Ақтөбе облысының тұрғыны аталған моральдық зардапты 2 миллион теңгеге бағалаған.
Ал сотта айыпталушы бұрынғы күйеуінің оған ұнамайтынын айтып, балағаттағанын мойындады. Нәтижесінде ол кінәлі деп танылып, оған 61 мың теңгеден астам айыппұл салынды.
Бұдан басқа, әйел бұрынғы жұбайына моральдық зиян келтіргені үшін өтемақы ретінде 32 мың теңге және адвокат қызметіне жұмсалған 150 мың теңге төлеуі тиіс.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024