Ақтөбе қаласының ауруханаларында лаңкестік әрекеттер салдарынан зардап шеккен 8 адам емделуін жалғастыруда. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарының мәліметінше, 5-13 маусым аралығында Ақтөбе қаласы стационарларына барлығы 40 адам жеткізілді, оның ішінде 4 адам облыстық ауруханаға, 34 адам жедел медициналық көмек ауруханасына, 2 адам теміржол ауруханасына жіберілді. Аталған уақыт аралығында стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі деңгейінде 17 пациентті амбулаторлық емдеу бойынша ұсынымдар берілді. Барлығы зардап шеккен 23 пациент ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 3 адам стационарда қайтыс болып, 12 науқас ауруханадан шығарылды. Астана уақытымен 13:00-дегі мәліметтерге сай Ақтөбе қаласының стационарларында 8 адам ем қабылдауда, олардың жағдайы орта деңгейдегі ауыр деп бағаланып отыр.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024