Қытай. 21 маусым. 7kun.kz – Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті болып өтіп жатқан Нигерия азаматы ұсталды. Бұл туралы журналистерге қазақстандық адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов хабарлады, деп жазды halyq-uni.kz.
Дереккөздің хабарлауынша алдын ала ақпарат бойынша, 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырған күдікті – Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортуне шет мемлекеттің аумағында ұсталған.
Адвокат Нигерия азаматына қатысты 2015 жылы ІІМ қылмыстық іс қозғағанын еске салды.
Айта кетейік, Ақжарқын Тұрлыбайды 2014 жылдың наурызынан бері Қытай түрмесінде жатыр. 2015 жылы маусым айында Қытай соты Тұрлыбайды өмірлік түрме жазасына кескен. Отандасымыздың өзі айыпты мойындамайтынын айтқан. Соңғы рет мамырда қазақстандық БАҚ Ақжарқынды Қазақстанға қайтарудан бас тартқаны туралы хабарлаған еді. Алайда адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов "бұл 2021 жылғы, ескі ақпарат, Ақжарқынға қатысты жаза биыл қайта қаралуы мүмкін", деді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024