Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысы бар Нигерия азаматы Қазақстанға экстрадицияланады – ІІМ
Нұр-Сұлтан. 22 маусым. 7kun.kz Ішкі істер министрлігі Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысы бар фигурантты Нигериядан Қазақстанға экстрадициялауға уәде берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«20 маусымда Нигерияда ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық Орталық бюросының (ҰОБ) сұрауы бойынша ҚР ҚК-нің 259-бабының 2-бөлігін сәйкес (есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне ұсталды. Қазір оны қамауға алу және одан әрі Қазақстанға экстрадициялау туралы қосымша процессуалдық шешім қабылдау үшін қажетті материалдар Нигерияның Интерполының ҰОБ-ына жіберілді», – деді ІІМ-де.
Айта кетейік, 2015 жылы 15 маусымда Қытайда қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. Бойжеткен 2014 жылдың 3 наурызында Гуанчжоу әуежайында есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталды.
Ал, 2022 жылдың 21 маусымында Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті болып өтіп жатқан Нигерия азаматы ұсталды. Бұл туралы журналистерге қазақстандық адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов хабарлады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024