Қарағанды кәсіпкерлері 6 жыл ішінде мемлекеттен 90 млрд теңге несие алған
Қарағанды облысының кәсіпкерлері 2010 жылдан бері "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасының аяында шамамен 91 млрд теңге сомасына несиелер алды деп хабарлайды аймақ кәсіпкерлігі басқармасының жетекшісі Татьяна Аблаева.
"Қарағанды облысындағы кәсіпкерлікті дамытуға "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру септігін тигізді, осы бағдарлама аясында 2010 жылдан бастап жалпы сомасы 90,7 млрд теңге несиелердің жалпы сомасына 661 жобаға қолдау көрсетілді, соның ішінде 2015 жылы 5,4 млрд теңге сомасына 41 жоба. Мақұлданған жобалардың негізгі үлесі өңдеуші өнеркәсіпке тиесілі - 32%-дан астам", - деп мәлімдеді Т.Аблаева өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен кәсіпкерлік басқармасы алқасының отырысында.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде бюджетке 11,8 млрд теңге табыс түсті.
Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков те бюджетті дамыту үшін Ұлттық қордан 100 млрд теңге бөлінгендігін айта кетті.
"Осы бағдарлама аясында Қарағанды облысының өңдеуші өнеркәсібінің 32 кәсіпорны 4 млрд теңге жалпы сомасына несиелер алды", - деді облыс әкімі, сондай-ақ жыл басынан бері екінші транш аясында Ұлттық қор 2,1 млрд теңге сомасына 18 жобаны мақұлдағанын, бұған қоса 1,5 млрд теңге сомасына 10 жоба қаржыландырылғанын айтты.
"Сонымен қатар 34 миллиард 800 миллион теңге сомасына 14 жоба қарастырылып жатыр", - деді облыс басшысы.
Әкімнің айтуынша, кәсіпкерлікке бейқаржылық қолдау көрсету аясында Қарағандыда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және аудандарда осындай қолдау орталықтары жұмыс істеп жатыр.
"Тек бірінші тоқсан ішінде кәсіпкерлерді қолдау орталықтары екі мың клиентке 4 мың 500 консультация өткізген", - деді Н.Әбдібеков.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024